Бельгиядан әкелінген 19 тонна алмұрт кері қайтарылды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 ақпан, 2026
- 307
Маңғыстау облысының Құрық портына Бельгия Корольдігінен жалпы салмағы 19,2 тоннаны құрайтын карантинге жатқызылған өнім — алмұрт партиясы келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құжаттық тексеру барысында өнімнің Қазақстан аумағына мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде міндетті болып табылатын фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені анықталды.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнім партиясын экспорттаушы ел — Бельгияға кері қайтару туралы акт ресімделді.
ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитарлық талаптарды сақтау өсімдік шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасындағы міндетті шарт екенін және ел аумағына карантиндік нысандардың енуі мен таралуын болдырмауға бағытталғанын еске салады.
Жамбыл және Түркістан облыстарында жолдар ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Былтыр фитосанитарлық инспекторлар 3,6 мың бұзушылықты анықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 14 сәуір, 2026






