жексенбі, 24 қараша, 2024 14:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаев ісі: Байжановтың жазасы ауырлай ма?

Бишімбаев ісі: Байжановтың жазасы ауырлай ма?
Коллаж: jambylinfo.kz
Тараптардың жарыссөзі 2 мамырда басталады

Бүгін түстен кейін Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталуы тиіс еді. Алайда, прокуратура Байжановқа тағылған бір айыпты өзгертуді сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Прокурор Саяхат Нұрбековтің сөзінше, айыптау тарапы сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабына сәйкес тағылған айыптаудан бас тартты. Бұл бапта аса ауыр қатыгездікпен жасалған қылмысты хабарламау әрекеті қарастырылған.

"Айыптау тарапы Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабы, яғни қылмыс туралы хабарламау бойынша айыптаудан бас тартады. Байжановқа қатысты қылмыстық істі қарау Қылмыстық кодекстің 432-бабында (қылмысты жасырып қалу) көрсетілген қылмыс жасады деген айыптау бойынша қаралсын", - деді прокурор.

Судья Айжан Құлбаева өтінішхатты қабылдады. Еске салайық, Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған еді. Олар Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар