жексенбі, 24 қараша, 2024 20:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл «бастау бизнес» жобасымен 4 мың тұрғынды оқыту жоспарлануда

Биыл «бастау бизнес» жобасымен 4 мың тұрғынды оқыту жоспарлануда
ашық дереккөзі
Биыл «бастау бизнес» жобасымен 4 мың тұрғынды оқыту жоспарлануда
Биыл «Бастау Бизнес» жобасымен 4 мың тұрғынды оқыту жоспарлануда. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Мая Ажмағамбетова айтты.   Сондай-ақ, брифинг барысында "Бастау Бизнес" жобасы да жан-жақты түсіндірілді. Бұл жобаға халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және өнімсіз жұмыспен қамтылғандар, NEET санатындағы жастар, жағдайы төмен отбасылар, көп балалы отбасы, мүгедектер қатыса алады.   Бұған дейін 2017-2020 жылдары "Бастау Бизнес" жобасы бойынша небәрі 11 311 адам оқытылды, оның ішінде 8 550 жоба 13 157,4 млн.теңге сомасына қаржыландырылды. Ал, осы кезеңде салық түсімдері 45,5 млн.теңгені құрап, 8 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.   Биылғы жоспар көлемі де ауқымды. Мәселен осы жылғы оқу жоспары 4 мың адамды құрайды. Оның ішінде 2665 "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқу сәуір айының екінші он күндігінде жоспарлануда. Қаржы да қомақты. Биыл бұл бағытта 3780 жобаны қаржыландыру үшін 2,2 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ, 2 820 адамды оқыту үшін 1,6 млрд. теңге сомасына қосымша өтінім берілген. Биыл жалпы 6 600 адамды оқыту жоспарлануда.   Ал осы жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша кредиттер мен микрокредиттер беру үшін 2,5 млрд.теңге бөлініп отыр. Шарттары да таңсық емес. Яғни кредит/микрокредит мерзімі 5 жылға дейін. Ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Ең жоғары сомасы ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда 2,5 мың АЕК - ке дейін, ал зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 8,0 мың АЕК-ке дейін. Жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар