жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Мәжіліс депутаты атанды

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Мәжіліс депутаты атанды
"AMANAT" партиясы
Әбутәліп Мүтәлі мандатты бұған дейін Мәжіліс депутаты болған Жұлдыз Сүлейменованың орнына алды.

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісінің партиялық тізім бойынша бос мандат Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Тиісті шешім Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды», – делінген хабарламада.

Әбутәліп Мүтәлі – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласының маманы ретінде танымал. 2022 жылы ол «Amanat» партиясының атқарушы хатшысының кеңесшісі қызметін атқарған.

Әбутәліп Мүтәлі мандатты бұған дейін Мәжіліс депутаты болған Жұлдыз Сүлейменованың орнына алды. 29 қыркүйекте ол Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған еді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар