жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Боран мен көктайғақ күтіледі: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Боран мен көктайғақ күтіледі: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Pixabay.com
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, бірқатар облыстарда жауын-шашын, боран, көктайғақ және тұман болуы мүмкін. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Абай облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, боран соғады. Кей аумақтарда жауын күшейеді. Жел бағытын оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа бұрып, екпіні 23–28 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын жалғасады. Көктайғақ пен боран болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 20 м/с шамасында.

Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында қар мен жаңбыр аралас жауып, көктайғақ байқалады. Кей жерлерде боран көтеріліп, көріну қашықтығы төмендейді.

Жетісу мен Жамбыл облыстарында таулы аймақтарда тұман түседі, ал Алакөл маңында және тау асуларында жел күшейеді.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында қарлы боран мен көктайғақ күтіледі. Жел 20–25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Қызылорда, Атырау және Маңғыстау өңірлерінде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсіп, жолдарда көріну шектеулі болады.

Түркістан мен Ұлытау облыстарында желдің бағыты өзгеріп, жылдамдығы 20 м/с-тан асады. Кей аумақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын байқалады.

Алматы облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстігінде және оңтүстігінде күшейеді.

Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең тұман түсіп, көру қашықтығы төмендейді.

Метеорологтар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты аса сақ болуға шақырады. Ал көлік жүргізушілеріне – жолға шығар алдында ауа райы жағдайын қадағалап, абай болу ұсынылады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар