Дербес деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге айрықша назар аудару керек - президент
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 12:05
- 44
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрлық трансформация кезеңінде жеке адамның мүддесіне нұқсан келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент осы орайда дербес деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге айрықша назар аудару керек екенін еске салды.
- Дербес деректердің тарап кетуі, онлайн-алаяқтық, жасанды интеллектіні қылмыс құралы ретінде пайдалану – мұның бәрі біздің елде де, шетелде де қалыпты жағдайға айналды. Біз Қаржылық мониторинг агенттігі мен басқа да құқық қорғау органдарын жұмылдырып, киберқылмыспен және алаяқтықпен күресу үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды. Үкіметке тиісті мекемелермен бірге киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың деректерін қорғау мәселесін кешенді түрде мұқият саралап, қарауды тапсырамын. Бұдан бөлек, жақында Ұлттық құрылтайда атап өткенімдей, цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесі конституциялық деңгейде бекітіліп, айқындалуы керек, - деді президент.






