Елімізде
Еңбек шартын енді онлайн жасауға болады: бар болғаны 5 минут
- авторБақытжан Бекболат
- 29 шілде, 2025
- 565
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин Үкімет отырысында мәлімдеді
Қазақстандықтар енді еңбек шартын небәрі бес минут ішінде онлайн түрде жасай алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, бұған дейін азаматтар жұмыс берушімен кездесіп, сұхбаттасудан өтіп, құжаттардың қағаз нұсқасын тапсырып, еңбек шартын қолмен толтырып, қол қоюы қажет еді.
"Қазір мемлекеттік ақпараттық жүйелердің біріктірілуінің арқасында қажет құжаттардың 90%-дан астамы автоматты түрде электронды түрде қалыптасып, жүйеге енгізіледі. Еңбек шарты электронды цифрлық қолтаңба арқылы қашықтан рәсімделеді. Бұл үшін жұмыс берушіге барудың қажеті жоқ", – деді Төлеушин Үкімет отырысында.
Цифрландырудың нәтижесінде бұл қызметтің мерзімі үш күннен бес минутқа дейін қысқарған. Жаңашылдық еңбекке жарамды 9,5 миллионнан астам адамға қолжетімді.
Келесі мақала
Қостанай облысында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Түркістанда жеміс-жидектерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қаңтар, 2026






