жексенбі, 24 қараша, 2024 17:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Екі көзі көгерген». Салтанат Нүкенованың ағасы сотта қарындасының таяқ жеген сәттегі суретін көрсетті

«Екі көзі көгерген». Салтанат Нүкенованың ағасы сотта қарындасының таяқ жеген сәттегі суретін көрсетті
Сурет видеодан скриншот
Астанада өтіп жатқан Қуандық Бишімбаевтың сотында қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының тірі кезінде сақтап алған суретін көрсетті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, бүгін сотта зардап шегуші тарап, яғни, Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Нүкенов жауап беріп жатыр.

«Салтанат – менің жалғыз қарындасым. Бұл суретте Салтанаттың қатты таяқ жегені көрініп тұр. Оның бет-аузынан алатын орын жоқ. Осы суретті алған соң мен бірден қарындасыма телефон шалғамын. Бірақ, ол тұтқаны көтермеді. Сосын, Қуандыққа телефон соқтым», - дейді Айтбек Нүкенов.

Оның айтуынша, бұл оқиға тура бір жыл бұрын, 2023 жылдың 20 наурызында түсірілген. Дәл сол күні Салтанаттың ағасы Қуандық Бишімбаевтың үйіне барып, қарындасын алып кетпек болған. Алайда, Салтанат жұбайы Қуандыққа тағы да бір мүмкіндік беремін деп, одан кете алмаған. Сот отырысы жалғасып жатыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар