Елімізде
Екі қызым үшін тегін қызмет көрсетуге дайын болдым – Игорь Вранчев
- авторИндира Тәліпқызы
- 13 мамыр, 2024
- 798
Адвокат экс-министр Қуандық Бишімбаев өмір бойына сотталуы тиіс деп санайды
"Однако" подкастына сұхбат берген Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдігінің адвокаты Игорь Вранчев екі қызы үшін атышулы сотта тегін қызмет көрсетуге дайын болған, хабарлады jambylinfo.kz.
«Бұл сұмдық оқиға. Мен де екі қыз тәрбиелеп отырған әкемін. Тирандармен қоғам болып күресу керек. Осы істе тегін қызмет көрсетуге ниетті екенімді де айттым»,-деді ол.
Сондай-ақ, Игорь Вранчев азаматтық некедегі әйелін азаптап өлтірген Бишімбаевтан ешқандай өкініштің табы білінбейтінін, қылмыскер өмір бойына сотталуы тиіс екенін алға тартқан.