жұма, 16 қаңтар, 2026 11:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде -42 градусқа дейін аяз күтіледі

Елімізде -42 градусқа дейін аяз күтіледі
istockphoto.com
Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары мәлімдеді

«Қазгидромет» РМК 16 қаңтар күні еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің болжамынша, қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман мен күшті жел байқалады, ал кей өңірлерде қатты аяз болады.

Қонаев қаласында кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүруі мүмкін.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ пен жаяу бұрқасын болжанады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Ақтауда көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Түркістан қаласында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Шымкентте жауын-шашын түсіп, күндіз кей уақытта қар мен жаңбыр күшейеді. Көктайғақ пен жаяу бұрқасын болып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел шығыс және солтүстік-шығыс бағыттан соғып, кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда қаласында да тұман байқалып, желдің екпіні күндіз 15–20 м/с болады.

Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде қар, бұрқасын және көктайғақ болады. Шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Жезқазғанда желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде солтүстік-шығысында ауа температурасы 35–38 градусқа дейін төмендейді. Қарағанды қаласында түнгі және таңғы уақытта жаяу бұрқасын болып, желдің екпіні 15–18 м/с болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен батысында қар жауады, ал солтүстігі, шығысы және орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні кей уақыттарда 23 м/с-қа дейін жетеді. Ақтөбе қаласында да жел күшейеді.

Атырау облысында қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, ал батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Атырау қаласында кей уақыттарда тұман мен көктайғақ байқалады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, түнде ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендейді. Өскемен қаласында да тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Түнде солтүстігінде ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеп, желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болжанады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыс және шығыс бағыттан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар