жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде алдағы күндері -23 градус аяз болады

Елімізде алдағы күндері -23 градус аяз болады
Pixabay.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Синоптиктер алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұған себеп – кезекті атланттық циклон, ол республика аумағы арқылы жылжи отырып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын тудырады, солтүстік өңірлерде төмен жылдамдықтағы боран мен көктайғақ күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, сондай-ақ 19–20 қарашада шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі.

Температуралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Тек шығыс өңірлерде түнгі сағаттарда ауа температурасы 6–23 градус аязға дейін төмендеп, күндіз термометр бағандары 2–10 градус жылылықты көрсетеді", – делінген хабарламада.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар