
"Қазгидромет" синоптиктері 8, 9 және 10 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Метеорологтардың мәліметінше, көктем басталғанына қарамастан Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклондары әлі де әсер етіп жатыр. Соның әсерінен солтүстікте қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр мен жылбысқы қар күтіледі, сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді.
"9 наурыздан бастап батыстан антициклон жылжып, ол Қазақстан аумағына қарай тараған сайын жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. 10 наурызда түнгі уақытта солтүстік өңірлерде ауа температурасы минус 12-20 градусқа дейін суытады", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Синоптиктердің айтуынша, көктемнің алғашқы айы жылы әрі жауын-шашынды болады. Орташа температура климаттық нормадан 2 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Ал жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шамамен қалыпты деңгейде болады.
Ұқсас жаңалықтар
Сүлейменов: 1 теңгелік монеталар айналымнан алынуы мүмкін
- авторБақытжан Бекболат
- 11 сәуір, 2025
Семейде ауысымына 35 тонна өнім шығаратын ет комбинаты салынады
- авторБақытжан Бекболат
- 11 сәуір, 2025