Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан аумағында 103-тен астам түрлі пайдалы қазба түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сондай-ақ, 2,9 мыңнан астам лицензия және 250-ге тарта қатты пайдалы қазбалар бойынша келісімшарт қолданыста екені атап өтілді.
«Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет 5 кен орыны мемлекеттік есепке алынды. Олар – Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр кен орындары. Қор көлемі 98 тонна алтынға, 36 мың тонна мысқа, 11 миллион тонна марганецке және 1,3 миллион тонна фосфоритке артты», — деді Иран Шархан Үкімет отырысында.
Келесі мақала
Көрнекті мәдениет қайраткері Ғалым Доскен өмірден өтті
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
"Артығымен есептелген": Жол саласында ауқымды бұзушылықтар анықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 16 наурыз, 2026






