бейсенбі, 2 сәуір, 2026 11:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде қан донорларына берілетін өтемақыны көбейту ұсынылды

Елімізде қан донорларына берілетін өтемақыны көбейту ұсынылды
gov.kz
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бұл мөлшердің 20 жыл бойы өзгермегенін атап өтті.

Қазақстанда қан донорларына төленетін өтемақыны арттыру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазіргі таңда донорларға 0,25 АЕК, яғни шамамен 983 теңге төленеді. 

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бұл мөлшердің 20 жыл бойы өзгермегенін атап өтті.

«Қазақ тағамтану академиясының ұсынымдарына сәйкес, қан тапсырған күні донор кемі 5 мың килокалория алуы тиіс. Мұндай тағамның нақты құны 5 мың теңгеден асады, яғни шамамен 1,25 АЕК», – деді депутат.

Осыған байланысты өтемақыны республикалық бюджет есебінен 0,25 АЕК-тен 1,25 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылды. Сонымен қатар Астана мен Алматыда тромбоцит донорларын жергілікті бюджет арқылы қосымша ынталандыру мәселесі де қарастырылуда.

Сондай-ақ «Құрметті донор» мәртебесін қайта енгізу, әлеуметтік жеңілдіктер жүйесін кеңейту және донорлық қозғалысты дамыту үшін арнайы жоспарлар қабылдау ұсынылды. Бұған қоса, бизнес, еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен корпоративтік донорлықты дамыту қажеттігі айтылды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар