Елімізде
Елімізде ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 16:46
- 81
Қазір Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері – 150 мың теңге.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, мақсат оны 150 мың теңгеге дейін көтеру, деп хабарлайды Jambylinfo.kz NUR.KZ - ке сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта ең төменгі жалақы – 85 мың теңге, біз оны арттырамыз. Бүкіл әлемде ең төменгі жалақы медианалық жалақының 50 пайызы саналады, бұл – шамамен 300 мың теңге. Сондықтан біздің мақсатымыз жақын арада ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру", - деді Азамат Әмрин.
Ол ең төменгі жалақыны көтеру уақытын нақты айта алмайтынын, бәрі бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты екенін атап өтті.






