сәрсенбі, 22 қаңтар, 2025 15:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде ипотекалық несие алумен байланысты проблемалар саны азайған

Елімізде ипотекалық несие алумен байланысты проблемалар саны азайған
фото - ашық дереккөзден
Нәтижесінде ипотекалық қарыздар бойынша шағымдардың үлесі арыздардың жалпы санының 30% аспаған

Елімізде соңғы жылдары реттеушілік шараларды енгізудің және ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың арқасында ипотекалық несие алумен байланысты проблемалар саны азайған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Нәтижесінде ипотекалық қарыздар бойынша шағымдардың үлесі арыздардың жалпы санының 30% аспады, жалпы шағымдардың негізгі бөлігі тұтынушылық несиелерге қатысты болды. Осыған байланысты Банк омбудсманының бастамасымен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Банк омбудсманының банктік қарыз шарттарының барлық түрінен туындайтын келіспеушіліктерді реттеуге құзыретін кеңейтетін заң жобасын дайындады. Бұл ипотекалық, тұтынушылық, автокредиттеу шарттары.

«2024 жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысы Банк омбудсманының құзыретін кеңейтетін заңға қол қойды. Нәтижесінде банктік қарыздардың барлық түрлері бойынша арыздар саны артты», - деді Банк омбудсманы Дархан Нұрпейісов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар