Елімізде нотариустардың атқарушылық жазбалары цифрландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 23 қазан, 2025
- 296
Осы мәселелерге жауап ретінде барлық іс-әрекеттерді тіркеуді және тараптардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін цифрлық механизм енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Борышкердің жеке кабинеті құрылып, ол арқылы хабарлама алу және қарсылық жіберу мүмкіндігі берілді. Егер қарсылық негізді болса, нотариус атқарушылық жазбаны міндетті түрде жоюға тиіс, өйткені бұл жағдайда қарыз даусыз болып саналмайды. Нәтижесінде 19 800 атқарушылық жазба жойылды. Бұл азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру және теріс пайдалануды жою бағытындағы маңызды қадам болды. Осылайша, рәсімнің цифрландырылуы жүйені әділ, ашық және барлық қатысушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған», - деді ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.






