Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді
Биыл ақпанда басталған жұмысқа Ұлттық банктің дизайнерлері мен Банкнот фабрикасының мамандары тартылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңа төлқұжаттың ерекшеліктері:
Минималистік стиль;
Визалық беттерде фондық суреттер;
Жаңа қорғау элементтері.
Қазір тұжырымдамалық жоба дайын, келесі кезең – сынақ үлгісін жасау.
Қолданыстағы төлқұжат жарамды болып қала береді. Жаңартылған төлқұжат тек бұрынғының мерзімі аяқталғанда, бүлінгенде немесе азаматтың өз қалауы бойынша беріледі. Құны өзгермейді.
Айта кетейік, қазіргі үлгі 17 жылдан бері қолданыста.
Келесі мақала






