Елімізде
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
- авторБақытжан Бекболат
- 15 наурыз, 2026
- 273
Дауыс берушілер тізіміне 12,4 миллионнан астам азамат енгізілген.
Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша, еліміз бойынша 10 401 дауыс беру учаскесі дайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дауыс берушілер тізіміне 12,4 миллионнан астам азамат енгізілген.
Дауыс беру күні 622 арнайы учаске де жұмыс істейді – олар әскери бөлімдерде, медициналық мекемелерде және перзентханаларда ұйымдастырылған. Сонымен қатар, 634 учаске азаматтардың уақытша тұрып жатқан жерлерінде ашылған.
Бұдан бөлек, Қазақстанның 51 елдегі шетелдік мекемелерінде 74 учаске жұмыс істейді.
Учаскелердің басым бөлігі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.
Келесі мақала
Олжас Бектенов референдумда дауыс берді
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Алаяқтық: Бас прокуратура киберқауіптің жаңа 18 түрін анықтаған
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 сәуір, 2026






