Қазақстан Ұлттық банкі «Жаратылыс сырлары» монеталар сериясынан MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
MYSYRLYQ TANYM монетасының дизайны ежелгі Мысыр мен қазіргі заманғы дүниетанымды біріктіреді. Монетаның тантал бөлігінде – Мысыр құдайлары, күміс бөлігінде – технология символдары мен олардың трансформациясы бейнеленген.
Бірнеше құрамнан тұратын MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монетасында күрделі технология қолданылған. 925 сынамалы күмістен жасалған монетаның тантал қондырмасы бар. Монетаның жалпы массасы – 162,2 грамм, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 2000 теңгелік, дайындау таралымы – 400 (төрт жүз) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте Бельгия Корольдігінің Құрметті консулдығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 ақпан, 2026
Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді
- авторБақытжан Бекболат
- 26 ақпан, 2026






