сәрсенбі, 8 сәуір, 2026 14:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздегі астық пен ұн экспорты 9,9 млн тоннаға жетті

Еліміздегі астық пен ұн экспорты 9,9 млн тоннаға жетті
АШМ
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті

«Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың наурызына дейінгі аралықта астық пен ұн экспорты (астық баламасында) 9,9 млн тоннаны құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 8,7 млн тонна болған. Бұл сыртқы нарықтарға жеткізілім көлемінің артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мәселен, Өзбекстан еліне астық экспорты 15%-ға өсіп, 7,3 млн тоннадан 8,4 млн тоннаға жетті. Қырғызстан бағытына 1,7 есеге ұлғайып, 233 мың тоннадан 393 мың тоннаға артты.

Сонымен қатар, Ауғанстан бағыты бойынша экспорт 35%-ға өсіп, 1,1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін жетті. Түрікменстан еліне жөнелтілімдер де 1,5 есеге көбейіп, 105 мың тоннадан 156 мың тоннаға ұлғайды.

Жалпы, экспорт көлемінің артуы шетелдік нарықтарда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың тұрақты екенін көрсетеді. Сонымен қатар, логистиканы жетілдіру мен экспорт географиясын кеңейту бағытындағы жұмыстардың нәтижелі жүзеге асып жатқанының айқын дәлелі.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар