жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздегі барлық мектептерге жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі

Еліміздегі барлық мектептерге жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі
Фото: Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы меншік түріне қарамастан барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бағдарлама аясында жеке меншік мектептер де тәрбие жұмыстарын жүргізіп, педагогтер мен тәрбиешілерге арнайы курстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ата-аналар комитеттерінің қызметі жаңа форматқа көшіп, мектеп пен ұстаздардың сенімді серіктесіне айналуда. Олар ұрпақ тәрбиесіне белсенді қатысып, жауапкершілікті бөліседі.

Ерлан Қалмақовтың айтуынша, бала тәрбиесіне қатысты бастамаларды іске асыру үшін 14 мемлекеттік органмен бірлескен жоспар әзірленген. Бұл тәрбие жұмысын біріздендіріп, тиімділігін арттыруға бағытталған. Мәселен, құқық қорғау органдары мен медицина ұйымдарының мамандарымен бірлескен шаралар жүйелі түрде өтуде.

Бағдарлама мазмұнына сәйкес бірыңғай дизайн-код және арнайы брендбук жасалды. Мектеп қабырғаларына Қазақстанның табиғи және тарихи орындары, әлемдік деңгейдегі ойшылдар мен тұлғалардың бейнелері, тәрбиелік мәні бар нақыл сөздер бейнеленбек. Әр пән кабинеті оқушылардың жас ерекшелігіне және пән бағытына қарай безендіріледі.

Жаңа дизайн кезең-кезеңімен енгізіледі: алдымен жаңадан салынып жатқан мектептерде, кейін реновациядан өтетін 1300 білім ордасында, ал үшінші кезеңде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде барлық мектептерде қолданылады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар