дүйсенбі, 20 қаңтар, 2025 16:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің қай өңірлерінде қылмыс көп жасалатыны белгілі болды

Еліміздің қай өңірлерінде қылмыс көп жасалатыны белгілі болды
фото - ашық дереккөзден
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, жалпы қылмыстың 5,3%-ға төмендеуінің оң динамикасы байқалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл ретте өсу Маңғыстау облысында 12,2% -ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалады.


Ең көп қылмыс Алматы– 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% - ұрлық (30 593), 6,3% - есірткі қылмысы (8 363), 1,2% - тонау (1 551), 1,2% - бұзақылық (1 615), 0,8 % - мал ұрлығы (1 051), 0,4 % - адам өлтіру (566), 0,3% - зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар 32,7% (43 462).

Онша ауыр емес қылмыстар -7,6%-ға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар - 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр - 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, ұрлық - 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы - 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы - 33,5%-ға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы - 42,2%-ға (258-ден 149) айтарлықтай төмендеді.

Сондай-ақ мал ұрлығы да - 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар