жұма, 16 қаңтар, 2026 16:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің әуежайларында әуе керосин бағасы төмендеуде

Еліміздің әуежайларында әуе керосин бағасы төмендеуде
gov.kz
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысының халықаралық әуехабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, әуе керосин жеткізілімдерінің ашықтығын, тұрақтылығын және қолжетімді бағасын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы ұлттық компания «ҚазМұнайГаз – Аэро» Алматы және Астана қалаларындағы ірі әуежайларда әуе компанияларынтікелей, яғни «қанатқа құю» тәсілімен жанармаймен қамтамасыз етуді бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Көлік министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп, «ҚазМұнайГаз – Аэро» компаниясының әуежай инфрақұрылымына, оның ішінде өңірлік әуежайларға тікелей қолжетімділігін қамтамасыз етті.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан әуежайларында әуе керосинді өткізубағасы бір тоннасына 1000 АҚШ долларына дейін төмендетілді. Жаңартылған баға бойынша Turkish Airlines, Fly Dubai, Air Cairo, Somon Air, AJet, Pegasus Airlines, Red Sea Airlines, One Air, HungaryAirlines, Fly Meta әуе компаниялары жанармаймен қамтамасыз етілді.

«ҚазМұнайГаз – Аэро» делдалдарсыз әуекомпанияларына тікелей жанармай құю көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты әуе керосин бағасының кезең-кезеңімен одан әрі төмендеуі күтіледі.

Қазіргі уақытта қазақстандық әуе компаниялары қызмет көрсететін көршілес мемлекеттерде әуе керосин бағасы бір тоннасына 1200–1300 АҚШ доллары аралығында.

Сонымен қатар, Қазақстанның 17 әуежайында рейстер саны мен бағыттарға қойылатын шектеулерді алып тастайтын «ашық аспан» режимі қолданылады. Бұл режим шетелдік әуекомпанияларына әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасына және оның аумағы арқылы ұшуларды орындау құқығын береді.

Аталған шаралар авиация саласында өңірлік көшбасшылықты нығайтуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар