жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ellipse Group» Қазақстандағы медициналық инфрақұрылымды дамытуға қызығушылық танытты

«Ellipse Group» Қазақстандағы медициналық инфрақұрылымды дамытуға қызығушылық танытты
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Францияның «Ellipse Group» компаниясының халықаралық даму жөніндегі директоры Анастасия Колосимомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Келіссөздер барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде заманауи перинаталдық орталықтарды салу және жабдықтау, сондай-ақ жеке медициналық мекемелерді дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Ә.Қуантыров Қазақстанның заманауи медициналық инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беретінін және ірі жобаларды іске асыруда озық технологиялар мен тәжірибесі бар халықаралық компаниялармен серіктестікке ашық екенін атап өтті.

Өз кезегінде бұған дейін Франция Президенті Эммануэль Макронның халықаралық стратегия және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған А.Колосимо компанияның Қазақстандағы қатысу аясын кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. Ол «Ellipse Group» Қазақстанды тұрақты экономикалық өсімі мен қолайлы инвестициялық ахуалы бар сенімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

Айта кетейік, Ellipse Group энергетика, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар және азаматтық құрылыс салаларындағы стратегиялық инфрақұрылымдық нысандарды қаржыландыру және «кілтпен тапсыру» қағидаты бойынша салуға маманданған. Компания Еуропа, Азия және Африка елдерінде жобаларды жүзеге асырып, ЕО-ның жетекші экспорттық-кредиттік агенттіктері мен банктерімен ынтымақтасады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар