жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елордаға қоныс аударушылар саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті

Елордаға қоныс аударушылар саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті
Pixabay.com
Биылғы нәтиже жаңа психологиялық межеден асты – мұндай деңгей бұрын тіркелмеген.

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында өңірлерден елордаға жаңа тұрақты мекенжай ретінде тіркелгендер саны 80,4 мың адамға жетіп, былтырғыдан 25%-ға артқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Бірінші кредиттік бюро сарапшыларына сілтеме жасап.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы дерегінше, бұл – кем дегенде соңғы он бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Биылғы нәтиже жаңа психологиялық межеден асты – мұндай деңгей бұрын тіркелмеген. Оның үстіне, өсім жоғары база аясында байқалып отыр: өткен жылы бұл көрсеткіш бірден 75%-ға өсіп, 64,5 мың адамды құраған еді.

Осылайша, Астана екі жыл қатарынан өңірлерден келетін ішкі мигранттар саны бойынша Алматыны басып озды. Бұрын бұл тізімде көбіне оңтүстік мегаполис көш бастап келген.

Қай өңірлерден көп келеді?

Елордаға қоныс аударғандардың көшін, күткендей, Ақмола облысы бастап тұр – 14,5 мың адам. Одан кейін Түркістан облысы – 7,9 мың адам, үшінші орында – Алматы (7 мың адам). Бұл үш өңір елордаға келгендердің 37%-ын құрап отыр.

Кетіп жатқандар да бар

Алты ай ішінде Астанадан басқа өңірлерге тұрақты тұруға қоныс аударғандар саны 43,6 мың адамды құрады. Олардың басым бөлігі Ақмола облысына (11,5 мың адам), Алматыға (5,7 мың адам) және Түркістан облысына (3,9 мың адам) кеткен. Бұл үш өңірге кеткендердің үлесі – 48%.

Нәтижесінде, ішкі көші-қонның таза сальдосы (келгендерден кеткендерді алып тастағанда) Астанада 36,8 мың адам болды. Бұл да Алматыдан жоғары, оңтүстік мегаполистегі көрсеткіш – 16,9 мың адам.

Айта кетерлігі, сырттан келген шетелдіктер арасында керісінше үрдіс байқалады: олар Астанадан гөрі Алматыны таңдайды. Жарты жылда елордаға шетелден 1 мың адам тұрақты қоныстанса, Алматыға – 1,8 мың адам келген.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар