Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Астанада полицейлер аккумулятор ұрлығын әшкереледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz жазғандай, Астана қаласында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автокөліктен аккумулятор ұрлаған азаматты қолға түсірді.
Тексеру нәтижесінде 41 жастағы ер адамның таңғы сағат 06:00 шамасында тұрғындар ұйықтап жатқан сәтті пайдаланып, жеке үйлердің жанында тұрған автокраннан аккумуляторды шешіп алғаны анықталды. Кейін ол ұрланған затты металл қабылдау пунктіне өткізіп жіберген.
- Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Келесі мақала
Валюталардың бүгінгі бағамы қандай
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Ташкент – Атырау бағытында жаңа әуе рейсі іске қосылады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:22
Елімізде
Қарағандыда көпқабатты үйде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 23 наурыз, 2026






