Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның Елтаңбасын ауыстыру жөнінде мәселе жақын арада қаралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Елтаңбаны өзгерту жайында президент мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түскен еді. vlast.kz басылымының жазуынша, мәселе күн тәртібінен шығарылған.
- Мәселе күн тәртібінен шығарылды, - делінген мәдениет және ақпарат министрлігінің Елтаңбаның өзгеруін талқылау процесі туралы ресми өтінішіне берген жауабында.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылатынын жеткізген.
- “Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек”,- деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024