жұма, 22 қараша, 2024 5:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Таксистерге» қиын болды»: енді рөлі оң жақтағы көліктер такси қызметін атқара алмайды

«Таксистерге» қиын болды»: енді рөлі оң жақтағы көліктер такси қызметін атқара алмайды
Pixabay.com
Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты

Елімізде жаңа жылдан бастап рөлі оң жақта орналасқан көлігі бар такси жүргізушілеріне жұмыс істеуге тыйым салынады, , деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Министрдің айтуынша, оң рөлдік автокөліктерді такси қызметінде пайдалануға тыйым салынады. 1 қаңтарға дейін "Yandex" және "InDrive" өз қызметтерінде оң рөлді көліктерді анықтап олардың жұмыс істеуін шектейді.

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рөлі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған. Сонымен қатар, бұрын оң рөлдік болып, сол жақ рөлге ауыстырлыған көліктерге де тыйым салынады. Техникалық жағынан олар да қауіпсіз емес», – деді министр.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар