дүйсенбі, 2 ақпан, 2026 17:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді елімізде балалар мекемелеріне ерекше санитариялық бақылау енгізіледі

Енді елімізде балалар мекемелеріне ерекше санитариялық бақылау енгізіледі
Көрнекі фото. Ашық дереккөз
Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова айтты

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда балалар мекемелерінде ерекше бақылау енгізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі аталған нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз етуге; себеп-салдарға ден қоюға ғана емес, бұзушылықтардың алдын алуға көшуге; қоғам мен ата-аналар үшін бақылаудың ашықтығын арттыруға; қызметтің өнім берушілерінен бастап процеске қатысатын барлық субъектілердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік берді.

«Ерекше тәртіпті енгізу – бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге бағытталған жүйелі шешім және бұл соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында шешімін таппай келе жатқан проблемаларды шешуге мүмкіндік береді», - деді спикер дөңгелек үстел барысында.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар