жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Энергетика министрлігі 14 млрд теңге шығынды өндіріп алды

Энергетика министрлігі 14 млрд теңге шығынды өндіріп алды
istockphoto.com
Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Энергетика министрлігі мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланғаны үшін 14 млрд теңге шығынды өндіріп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Энергетика министрлігі және оның Атырау мен Қызылорда облыстарындағы мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының өңіраралық басқармалары реттелетін саладағы заңнаманың орындалуын бақылауды жүйелі түрде жүргізуде.

Ведомствоның дерегінше, 2025 жылдың 9 айында көмірсутек саласындағы мемлекеттік бақылау аясында 100 тексеру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде 18 профилактикалық бақылау, 30 жоспардан тыс тексеру, 15 шарттық міндеттемелерді орындау бойынша бақылау және 37 мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы рұқсаттық тексеру бар.

Нәтижесінде 18 бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді, 80 әкімшілік айыппұл 110 млн теңге сомасында салынды. Сонымен қатар, мұнай мен газды ұтымсыз пайдалану үшін 14 млрд теңгеден астам залал өндірілді.

Қазіргі уақытта қосымша 4млн теңгеге жуық айыппұл мен 2,4 млрд теңге залалды өндіру бойынша материалдар қаралуда.

Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар