Елімізде
Халық комада жатқан сарбаздың еміне 218 миллион теңге жинады
- авторjambylinfo.kz
- 24 тамыз, 2024
- 445
Ата-анасы сарбазды шетелде емдетуге қамданып жатыр
Әскерден мүгедек күйде оралған сарбаздың еміне халық 218 млн теңге жинап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бірнеше күн бұрын ауруханадан шығарылған сарбаз қазір үй жағдайында ем алып жатыр. Бүгін журналист Айдана Үсенбай әлеуметтік желідегі парақшасында сарбаздың еміне 218 млн теңге жиналғанын жазды.
- Әскерден мүгедек боп оралған солдатқа халық 218 млн теңге жинап берді. Ербаянды әке-шешесі шетелде емдетуге қамданып жатыр,- деді журналист.
Еске салайық, бұған дейін Ербаян Мұхтарға қорғаныс министрлігі көмек көрсететінін мәлімдеген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала