Ханкөл ауылындағы "елес": полицейлер алғашқы нәтиже туралы айтты
- авторjambylinfo.kz
- 17 қараша, 2020
- 266
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің өкілдері аудан әкімінің тапсырмасын орындаумен айналысатындарын айтты.
Таяуда Ғали Есқалиев ОКҚ брифингінде полицейлерге ауыл тұрғындарының есін шығарған елеске қатысты ақпаратты тексеруге тапсырма бергенін атап өткен болатын.
"Қаратөбе ауданының учаскелік полицейлері Ханкөл аулының маңында көрген елеске қатысты тұрғындардан түсінік алады. Қазір біз әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қатысты тексеріс жүргізіп жатырмыз", - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Одан бөлек, әлеуметтік желіде "Охотники за привидениями" атты фильмдегі музыкамен кетіп бара жатқан полицейлер туралы әзіл видео тараған.
Еске салайық, Ханкөл ауылының тұрғындары шашын жалбыратқан қыздан үрейленіп отырғанын айтты. Олардың айтуынша, елес терезені қағады және тасжолдың бойында жүргізушілерді қорқытады. Жүргізушілердің кейбірі елес көліктің ішінде пайда болып, айдауға кедергі жасайтынын айтады.
Кейін Ауыл әкімі жергілікті имам және ақсақалдармен бірге "қара күштен" құтылу үшін құрбан шалды деген хабар тараған. Алайда БҚО Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиев "құрбан шалдық, бірақ елес үшін емес" деген болатын.
tengrinews.kzjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз