дүйсенбі, 27 қаңтар, 2025 22:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"ІІМ қауіп туралы ескертеді". Алаяқтар қазір жасанды интеллект пен таргеттік жарнама арқылы айласын асыруға көшті

"ІІМ қауіп туралы ескертеді". Алаяқтар қазір жасанды интеллект пен таргеттік жарнама арқылы айласын асыруға көшті
ІІМ
Таргеттік жарнама - бұл әлеуметтік желілерде және онлайн-платформаларда ақпаратты белсенді түрде ілгерілету мақсатында қолданылатын әдіс

Ішкі істер министрлігі жасанды интеллект пен таргеттік жарнаманың көмегімен жасалатын алаяқтық туралы ескертеді, деп хабарлайды Jambylinfo. kz

Polisia.kz дерегінше, таргеттік жарнама - бұл әлеуметтік желілерде және онлайн-платформаларда ақпаратты белсенді түрде ілгерілету мақсатында қолданылатын әдіс. Оны бүгінде алаяқтар да пайдалануда. Бұл жалған инвестициялық қорлар немесе алаяқтар ұрлаған қаражатты қайтаруға бағытталған қызметтер болуы мүмкін.

Жарнама жасау кезінде кибералаяқтар танымал тұлғалардың, адвокаттардың видеоларын негізге ала отырып, халықты сендіру үшін оны жасанды интеллект арқылы бұрмалайды.

2024 жылы 2,5 мыңнан астам азамат өз қаражатын жалған инвестициялық қорларға салған.

Адамдар жоғалтқан ақшаларын қайтару үшін басқа алаяқтардан көмек сұрап, одан да үлкен сомадан айырылатын жағдайлар да кездеседі.

Мысалы, Қарағанды облысының тұрғыны тауарды онлайн түрде сатып алуға жұмсаған 40 мың теңгесін қайтарғысы келіп, басқа алаяқтардың құрығына түсіп, 11 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған. 

Алаяқтық жарнамаларды қалай тануға болады: Жарнамалар оңай ақша табу мен тез баюдың жолдарын уәде етеді; Сілтемелер кері байланыс көрсетілмеген немесе лицензиясыз күмәнді сайттарға апарады; Карта, жеке куәлік немесе өзге де дербес деректерді енгізуді талап ететін сұраныстар; Агрессивті маркетинг және "мүмкіндікті жіберіп алмау" туралы ұсыныстар; Инвестициялық қор менеджерлерінің тынымсыз қоңыраулары; Жарнамаға қатысатын танымал адамдардың бет әлпетіне назар аудару, ерін қозғалысы мен дауыстың бір-біріне сәйкес келмеуі.

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар