сейсенбі, 7 мамыр, 2024 2:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Көп сөйлемей, баршы!». Қайрат Нұртас фанатына неге ашуланды

«Көп сөйлемей, баршы!». Қайрат Нұртас фанатына неге ашуланды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әлеуметтік желіде әншінің тағы концертіндегі оқиға дау тудырды

Қайрат Нұртас өзінен бір ән сұраған көрерменге «көп сөйлемей, баршы» деп, фанаттарының сынына қалды, деп жазады jambylinfo.kz.

Бейнежазбада көрініп тұрғандай, көрермендердің бірі Қайрат Нұртастан өзіне ұнайтын ән айтып беруін сұраса керек. Оған жауап берген Нұртас егер ол әннің әуенін тауып берсе, шырқап беремін деп уәде еткен. Алайда, фанатынан «тезірек құтылғысы» келсе керек, сөзінің соңында оған «көп сөйлемеші» деп дөрекілік танытқан.

«Бауырым, менде ондай ән жоқ екен. Егер сен тапсаң, мен орындап беремін. Бар, сен сол әнді тап. Баршы, көп сөйлемей баршы», - дейді Қайрат Нұртас.

Желідегі бұл видео шамамен жарты миллионға жуық қаралым жинаған. Фанаттарының бірі Қайрат Нұртастың дөрекі екенін айтса, екіншілері ақкөңіл екенін, көрерменнің сұраған әнін айтуға келісіп тұрғанын атап өткен.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар