дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 11:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Каирдегі Әлем кубогында қазақстандық гимнасттар жүлделі орындардан көрінді

Каирдегі Әлем кубогында қазақстандық гимнасттар жүлделі орындардан көрінді
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Египет астанасы Каир қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының 4-кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда үздік үштікке енді.

1-орын. Гамлет Манукян (Армения) – 14.800

2-орын. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан) – 14.566

3-орын. Нариман Курбанов (Қазақстан) – 14.566

Ертең қазақстандықтар финалдық кезеңдерде медаль үшін күресті жалғастырады. Алтынхан Темірбек пен Асан Салимов тіреніп секіруде өнер көрсетсе, Ілияс Азизов кермедегі жаттығуда бақ сынайды.

Айта кетейік, Каирдегі Әлем кубогы кезеңіне 30 елден 70 спортшы қатысып жатыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар