жұма, 26 желтоқсан, 2025 11:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Каналдарда су шығынын азайтуға арналған неміс технологиясын енгізу жобасы әзірленіп жатыр

Каналдарда су шығынын азайтуға арналған неміс технологиясын енгізу жобасы әзірленіп жатыр
istockphoto.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен германиялық HUESKER компаниясы суармалы су шығынын азайту үшін ирригация каналдарында заманауи геотекстиль материалдарын енгізу жобасын әзірлеуді бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Біз Су ресурстары және ирригация министрлігімен және басқа да жергілікті серіктестермен соңғы екі жыл бойы тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Өз шешімдерімізді ұсынып, барлық қажетті тексерістен өттік. Нәтижесінде Қазақстанда пилоттық жобаны сәтті жүзеге асырдық. Қазіргі уақытта біздің гидротехникалық құрылыс саласындағы технологияларымыздың ірі нысандарда да тиімді қолданылатынын көрсету мақсатында ауқымды жобаны әзірлеп жатырмыз», – деді HUESKER компаниясының коммерциялық директоры Стефан Вестхус. 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы «Өтеміс» каналында HUESKER компаниясының INCOMAT геотекстиль материалы негізінде пилоттық жоба іске асырылды. Материал нақты жағдайларда тұрақты тиімділігін көрсетті, бұл су шығынын азайтуға және суды басқару сапасын арттыруға ықпал етті. Сондай-ақ пилоттық жобаны одан әрі кеңейту және технологияны басқа каналдардың учаскелерінде енгізу мүмкіндігі қарастырыла бастады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар