сейсенбі, 12 қараша, 2024 1:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Келер жылдан бастап «ІnDriver» көліктеріне талаптар қатаңдатылады

Келер жылдан бастап «ІnDriver» көліктеріне талаптар қатаңдатылады
Фото: freepik
Өйткені, елімізде осы таксилер есебінен жол апаты көбейген

Келер жылдан бастап «ІnDriver» көліктеріне талаптар қатаңдатылады, деп жазады Jambylinfo.kz

ҚазАқпарат жазуынша, Биылғы жылдың мамыр айында ҚР Көлік және Ішкі істер министліктерімен және «ІnDriver», «Яндекс» такси қосымшаларының басшылығы арасында өзара Меморандум жасалған болатын.

Осы меморандумға сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ІnDriver» такси қосымшасына басқа мемлекетте тіркелген, басқару құрылғылары оң жақта орналасқан және ҚР Заңнамасын жиі бұзатын автокөліктерге тіркелуге шектеу қойылады.

 «Мұның себебі соңғы кездері жүргізушінің тынығу режимінің бұзылуы, рейс алдында медициналық және механикалық тексеруден өтпеуі, міндетті сақтандырусыз жолаушылар тасымалдауы салдарынан жол апаты көбейді. Олардың елеулі бөлігі «InDriver», «Яндекс» такси жүргізушілерімен орын алуда. Елімізде «InDriver», «Яндекс» такси бағдарламасын мобильді қосымшаға тіркеу арқылы қаншама көлік жолаушылар тасымалдауда. Алайда ол азаматтар ҚР Ұлттық стандартындағы такси тасымалдаушыларына және қызмет көрсететін такси автокөліктеріне қойылатын талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктермен жолаушылар тасымалдауда» -, дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар