«Әкем өте қалжыңбас, балажан адам еді». Рахымжан Қошқарбаевтың қызы әкесі туралы әсерлі әңгіме айтып берді
- авторjambylinfo.kz
- 8 мамыр, 2024
- 983
Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева «Таңшолпан» бағдарламасына қонақ болып келіп, әкесі туралы әсерлі әңгіме айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Әлия Қошқарбаеваның айтуынша, әкесі үйде соғыс туралы әңгіме айтқысы келмейтін. Өйткені, Әлия Қошқарбаеваның пікірінше, соғысты көзімен көрген адамдар майданды мүлде еске алғысы келмейтін.
«Менің әкем керемет жарқын, асыл адам еді. Сондай ұйымшыл, қалжыңбас болатын. Бәрі менен «әкең үйде соғыс туралы айтатын ба еді?» деп сұрайтын. Жоқ, ол үйде соғыс туралы айтпайтын. Ол маған үйде тек әке болып, мейірімінт төкті. Сондай балажан адам еді. Шешем үйде қонақ күткетін. Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Сағадат Нұрмағамбетовтер біздің үйге келетін. Ол кезде мен оқушымын, ондай аңыз адамдардың үйге келіп жүргенін әрине білмедім», - дейді ол.
Ал, небары 19 жасында Рейхстагқа ту тіккен әкем өзін ешқашан батырмын деп санаған емес дейді ол.
«Өзін батырмын деп санамайтын. «Менің жай ғана жолым болды» дейтін. 19 жаста ерлік жасады. Қазіргі балалар не ойлайды? Батырлықты ойламайды ғой. 30 сәуірде Рейхстагқа ту тіккенде тірі қалған Григорий Болатов екеуміз деп айтатын. Жан-жақтан атқылаған оқтан аман қалу өте қиын. 8 сағат бойы бас көтермей, жер бауырлап Рейхстагқа жеткен. Сол кезде 400 метр жерге бас көтермей жеткенде екі адам ғана тірі қалған ғой", - деді Әлия Қошқарбаева.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024