сенбі, 23 қараша, 2024 12:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Киберқауіптерден кім қорғайды? немесе болашақта керек бес мамандық

Киберқауіптерден кім қорғайды? немесе болашақта керек бес мамандық
ашық дереккөзі
Киберқауіптерден кім қорғайды? немесе болашақта керек бес мамандық
Бұрын киберқауіп дегенде ойымызға алдымен компьютер оралатын. Қазір ол күнделікті өмірімізге дендеп еніп барады. Сондықтан болашақта адамдарды киберқауіптен қорғайтын мамандықтар сұранысқа ие болмақ. Осы орайда, The Wall Street Journal іскерлік апталығы болашақта керек болатын бес мамандықты атаған екен.
1. Дипфейктерді анықтайтын маман Дипфейк (Deepfake) дегеніміз – жасанды интеллектінің көмегі­мен жасалатын дауыс, түр, қимыл-қозғалыс. Мұны ниеті түзу емес адамдар өз мақсаттарына тиімді пайдалануға тырысады. Мәселен, сотта банк тонаған ұры­­ның ісі қаралып жатыр делік. Сотталушының адвока­ты оның кінәлі еместігін айтып, дәлел ретін­де бейнежазба­ны ұсы­на­ды. Бейнежазба жасан­ды интел­лектінің көмегімен жасал­ған. Яғни камераға түсіп қал­ған шын қылмыскердің түрін өзгер­тіп, орнына басқа адамның бет әл­петі қойылған. Осылайша, сотталу­шы өзін ақтап шығып, жаза­дан құтылып, ал бұл іске мүл­дем қа­тысы жоқ, бірақ бейнежаз­бада көр­сетілген басқа адам темір тор­­ға қамалуы мүмкін. Сон­дық­тан мұндай жағдайда соттар дип­фейк­­­­терді анықтайтын маман­ның кө­ме­­гіне жүгінуге мәж­бүр болады. Сөй­­тіп, бейненің түпнұсқа немесе дип­фейк екенін анықтайды. Бұл бір ғана мысал. Дәл осындай жолмен түрлі заңсыз әрекет­терге баратындар алдағы уақытта көбеюі мүмкін. Сондықтан ірі ұйымдар, медиакомпаниялар, соттар жаңа технологиялардың көмегімен адам түрінің, дауысы мен қимыл-қозғалысының қаншалықты шынайы екенін анықтап беретін сарапшыларды қызметке тартатын болады. Өйткені технология жедел дамып жатыр. Ал медиафейк­терді анықтау тіпті қиындап барады. Мұндай мамандар жұмыс барысында факт-чекинг, контекстік талдау және визуалды тергеу құрал­дарын пайдалануы да мүм­кін. Мәселен, бейнежазбадағы адам көлеңкесінің қимыл-қозға­лыс­­қа қаншалықты сәйкес келе­тінін нақты анықтап беруі шарт.   2. Өздігінен жүретін көліктің қауіпсіздігін қадағалайтын маман Иә, мұндай да мамандық пайда болмақ. Мысал келтірейік. Өздігінен жүретін автомобиль қаптаған көліктермен қатар жүріп келе жатып, жолдың ортасына тоқтап қалды делік. Демек, хакерлер қашықтан отырып-ақ көліктің қозғалтқышын сөндіріп тастады. Міне, мұндай келеңсіздік орын алмас үшін автоөндірушілер өздігінен жүретін техникалардың қауіпсіздігімен айналысатын мамандарды жұмысқа қабылдауы керек. Ал олар автомобильді кибер­қауіптерден қорғауы керек. Ол үшін техника туралы ақпаратты қашықтан алуға мүмкіндік бере­тін лидарлар пайдаланылады. Сондай-ақ мұндай мамандар жолға шыққан көліктердің бағ­дар­ламаларын нақты уақыт режі­мінде бақылап отыруы керек.   3. Имплантталған құрылғыларды қорғайтын маман Бір науқасқа ми имплантын орнату керек. Ал оның қауіп­сіздігіне қатысты мәселелер­дің бәрін киберсарапшы қадаға­лайды. Болашақта хакерлер имплан­тацияланған құрылғыларды, мәселен, жадты жақсартатын ми чипін жазу құрылғысы ретінде немесе құпия келіссөздерді тыңдау үшін қолдануы мүмкін. Сондай-ақ олар құрылғының аккумуляторын отырғызып тас­тауы да ықтимал. Оған базалық стансадан сигналдар жіберіліп, мұның соңы түрлі зардаптарға әкелуі мүмкін. Ал дәрігерлерде киберқауіпсіздік тәуекелдерін баға­лайтын тиісті тәжірибе жоқ. Бұл ретте, имплантталған құрыл­ғыларды қорғайтын адамның медициналық білімі болуы керек. Жаңа киберқауіптер мен зиянды бағдарламалар туралы ақпараттардан хабардар болып отырса, тіпті жақсы.   4. Қулыққа қарсы судья Бүгінде миллиардтаған қол­дану­шы түрлі онлайн-ойын­дардың қызығына батып жүр. Бірақ мұндай ойындардың барлы­ғы дерлік әділ өтеді деп айта ал­маймыз. Кейбір ойыншылар жүйедегі қателіктерді қарсы­ласын тұқырту үшін пайдаланып жатады. Бұл ретте, ойындар дамыған сайын, оны әзірлеушілер алаяқтықпен күресу мақсатында жасанды интеллекті негізіндегі заманауи жүйелерге сүйенетін болады. Алайда мұндай алгоритмдер алаяқтық схемаларды байқа­май жаңылыс іске қосылуға жол беріп қояды. Сондықтан мұндай жағдайда жасанды интеллектіге қулыққа қарсы судья көмекке келмек. Ол күмәнді іс-қимылдарды қадағалап отырады. Әзірлеушілер секілді ойындағы олқылықтарды анықтауға тырысады. Қазір мұндай судьялардың мүмкіндігі шектеулі. Бірақ оларға экономика мен психологияны сіңіре отырып дамытса, құқық бұзушыларды анықтау, алаяқтардың ойнауына тыйым салу мұндай судьялар үшін қиындық тудырмас еді. Олар жасырын операцияны жоспарлаған құқық қорғаушылар секілді әрекет етеді.   5. Цифрлы аутентификация жөніндегі маман Қызметкер, мердігер неме­се үшінші тараптағы адам­ның ком­пания платформасына қатыс­­ты жүйеге кіруі киберқыл­мыскер­лер­ге ұйымның желісіне ену нүк­тесін анықтауға, ақпаратты ұр­лау­ға мүмкіндік туғызады.  Сон­­дықтан болашақта компания ди­­рек­­тор­ларының қатары сәй­кес­­­тен­­д­іру және цифрлық тех­но­­ло­гиялар жөніндегі директор­лар­мен толығуы мүмкін. Олардың мақ­саты біреу-ақ – ком­панияның плат­фор­масына кіре алатын пайда­лану­шылардың кім екеніне көз жет­кізу. Ол үшін аутен­ти­фи­­к­а­цияның соңғы тех­ноло­гия­лары қолданылады. Мә­се­­лен, қыз­мет­керлердің, жет­кізу­­ш­і­л­ердің және мердігер­лер­дің құ­ла­­ғын сканерлеу арқылы смарт­фон­ның құлпын ашу. Қазір бұл мін­дет­­тер­дің кей­бірін ақпараттық қауіп­­сіздік бөлі­мінің басшылары атқа­рып жүр. Бірақ пандемия кезінде қа­­шықтан жұмыс істеуге көшу қыз­­мет­керлердің жұмыс орын­дары­на кіру тәсілін түбегейлі өз­гер­теді және қатаң аутентифи­кация процесін енгізуге себеп болады.
egemen.kz © egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар