Елімізде таңбалауға жататын өнімдер тізімі кеңейтілді
Жаңартылған талаптарға сәйкес, енді сыра өнімдері, мотор майлары, жеңіл өнеркәсіп бұйымдары және киік дериваттары, соның ішінде киік мүйізі міндетті түрде таңбалануы тиіс, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сауда министрлігі хабарлағандай, киік мүйіздерін таңбалау жүйесі 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап іске қосылады. Бұл шара дериваттардың қайдан алынғанын дәл анықтауға, олардың заңсыз саудасын шектеуге және заңды қорларды тиімді бақылауға жағдай жасайды. Мемлекет осы арқылы браконьерлікпен күресті күшейтуді жоспарлап отыр.
Ал сыра өнімдері мен мотор майлары 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап таңбаланады. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау кезең-кезеңімен енгізіліп, алғашқы этап 2026 жылдың 1 желтоқсанында басталады.






