сенбі, 10 қаңтар, 2026 2:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов басшылық қызметке тағайындалды

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов басшылық қызметке тағайындалды
Қазақстан бокс федерациясы
Спортшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бокстан әлем чемпионы, елімізге еңбегі сіңген спорт шебері Бекзат Нұрдәулетов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол шаршы алаңдағы кәсіби мансабын аяқтап, енді спорт саласында басшылық қызмет атқармақ. 

«Бүгін мен үшін үлкен жауапкершілік жүктелген жаңа кезең басталды. Мені Маңғыстау облысындағы бокс бойынша олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының басшысы етіп тағайындады. Басшы болу – атақ үшін емес, жүйе қалыптастыру, жастарға жол ашу, спортты дамыту үшін. Алдымда тұрған мақсат айқын. Жұмыс енді ғана басталды», – деп жазды Бекзат Нұрдәулетов.

Айта кетейік, аталған лауазымды бұған дейін Әділбек Ниязымбетов атқарған болатын.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар