Елімізде
Әлеуметтік желіге тіркелуге жас шектеуі қойылады: жаңа заң жобасы талқылауға шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 4 желтоқсан, 2025
- 150
Елімізде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қоятын заң жобасы талқыға шығарылды
Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
4 желтоқсан күні "Ашық НҚА" порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар мен масс-медиаға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жарияланды.
Құжатта «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау ерекшеліктері» атты 10-1-бап ұсынылған.
Ондағы нормаға сәйкес, 16 жасқа толмаған балаларға мессенджерлерден басқа онлайн-платформаларғада аккаунт ашып, тіркелуге шектеу енгізу жоспарланып отыр.
Заң жобасы 29 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Келесі мақала






