дүйсенбі, 23 ақпан, 2026 10:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық гидрогеологиялық қызмет Қазақстан аумағында 700-ден астам бұлақ анықтады

Ұлттық гидрогеологиялық қызмет Қазақстан аумағында 700-ден астам бұлақ анықтады
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық бұлақты түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алдын ала деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 711 әлеуетті бұлақ анықталды.

Сонымен қатар қор және архив материалдары негізінде ел аумағындағы 2 772 бұлақты қамтитын карта жасалған. Айта кетейік, бұлақтар су ресурстары тапшылығы жағдайында қосымша су көзі ретінде қарастырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ауызсу және техникалық сумен жабдықтау, суару және өзге де мақсаттарға арналған жерасты суының 4 803 кен орны барланған. Мемлекеттік баланс бойынша тәулігіне 43,2 млн текше метр көлеміндегі пайдалану қоры тіркелген. Оның ішінде қазіргі таңда шамамен 1,5 млн текше метр немесе 3,6% ғана пайдаланылып отыр.

Атап айтқанда, шаруашылық-ауызсуға арналған қор тәулігіне 21,2 млн текше метр. Өндірістік-техникалық қажеттіліктерге арналған қор тәулігіне 2,4 млн текше метр, ал суару мақсатында тәулігіне 19,6 млн текше метр қарастырылған.

«Қазақстанда жерасты суына арналған мемлекеттік мониторинг желісі жұмыс істейді, оған шамамен 4 мыңға жуық бақылау ұңғымасы кіреді. Олар су деңгейін, температурасын және сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Гидрогеология саласын цифрландыру мақсатында мониторингтік және пайдалану ұңғымаларын Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің басқарма төрағасы Болат Бекнияз.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар