Ұлттық ұланның аңызға айналған Ерлер хоры елордалық аруларды құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 5 наурыз, 2026
- 247
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Ән-би ансамблінің Ерлер хорының солистері астаналық тұрғындар мен қонақтар үшін мерекелік акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Музыкалық қойылымдар қаланың қоғамдық көліктерінде және «Нұрлы жол» вокзал кешенінде өтті.
Әртістер қоғамдық көлікте жанды дауыста танымал композицияларды орындап, автобус ішін концерттік алаңға айналдырды.
Музыкалық тосынсый жолаушылардың ерекше ықыласына бөленді. Хордың орындауындағы «Сұлу қыздар» және «Дарите женщинам цветы» әндерін көпшілік жылы қабылдады. Қойылым кезінде ұландықтар нәзік жандыларға гүл сыйлап, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік бағдарлама «Нұрлы жол» вокзалында да жалғасты, мұнда әртістер аяулы жандарға гүл шоқтарын табыстап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық ұланның Ерлер хоры Ресейдің танымал «Ну-ка, все вместе!» вокалдық шоуында Numb хитын (Linkin Park тобы) домбыра сүйемелдеуімен орындап, айрықша қолдауға ие болған еді.
Рок-композицияның ерекше интерпретациясы жоғары бағаланып, қазақстандық әскери әртістердің кәсіби деңгейі мен шығармашылық батылдығын көрсетті.
Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрі, Ән мен би ансамблі, Ерлер хоры тұрақты түрде жеке құрам алдында және кең аудитория үшін өнер көрсетіп, жауынгерлік рухты көтеруге, ұлттық мәдениетті дәріптеуге және құқықтық тәртіп әскерінің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосуда.
Конгодағы шахта апаты: 200-ден аса адам көз жұмды
Ұқсас жаңалықтар
Ташкент – Атырау бағытында жаңа әуе рейсі іске қосылады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:22
Қарағандыда көпқабатты үйде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 23 наурыз, 2026






