сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 12:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық жоба аясында Қазақстанда электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға төмендеді

Ұлттық жоба аясында Қазақстанда электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға төмендеді
istockphoto.com
Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті.

Энергетика министрлігі «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында электр желісі инфрақұрылымын жаңарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2025 жылы 17 мың км электр беру желілеріне және 420 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл желілердің тозу деңгейін 66%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға, яғни 3140 технологиялық бұзушылыққа азайды.

Биыл да 17 мың км электр желілерін жөндеу қамтылған, оның ішінде:

Ақмола облысы — 2,5 мың км

Астана — 153 км

Ақтөбе облысы — 467 км

Алматы облысы — 351 км

Алматы — 264 км

Атырау облысы — 430 км

ШҚО — 756 км

Жамбыл облысы — 1,8 мың км

БҚО — 366 км

Қарағанды облысы — 1,1 мың км

Қостанай облысы — 731 км

Қызылорда облысы — 115 км

Маңғыстау облысы — 560 км

Павлодар облысы — 2,4 мың км

СҚО — 1,1 мың км

Түркістан облысы — 677 км

Шымкент — 67 км

Абай облысы — 769 км

Жетісу облысы — 422 км

Ұлытау облысы — 1,8 мың км

Сонымен қатар 444 қосалқы станцияны, сондай-ақ 3,4 мың тарату пунктін және трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген.

Жоспарланған шараларды іске асыру электр желілерінің орташа тозу деңгейін қосымша 65%-ға дейін төмендетуге, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар