бейсенбі, 9 сәуір, 2026 14:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мұғалімдердің біліктілігін тексеру: Жұлдыз Сүлейменова маңызды сұрақтарға жауап берді

Мұғалімдердің біліктілігін тексеру: Жұлдыз Сүлейменова маңызды сұрақтарға жауап берді
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін тест тапсырып үлгерген мұғалімдердің жағдайына да нақты жауап берілді.

Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің білімін бағалау жүйесіне енгізілген өзгерістерге қатысты түсініктеме беріп, мұғалімдер арасында талқыланып жатқан негізгі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрдің айтуынша, педагогтердің біліктілігін бағалауға арналған ОЗП тесті толықтай алынып тасталады. 

- Біріншіден, бұл уақытша тоқтату емес. Педагогикалық қауымдастықта жұмыс істеп жүрген ұстаздар енді пәндік біліктілік тестін тапсырмайды. Біз бұл тестті алып тастадық. Бірақ бұл тестті кімдер тапсырады? Педагогикалық мамандыққа алғаш қадам басып жатқан университет түлектері тапсырады. Себебі олар енді ғана мамандыққа келіп жатыр, олардың білім деңгейін анықтауымыз қажет.

Сонымен қатар, жас мамандар екі жылдан кейін “педагог-модератор” біліктілік деңгейіне аттестациядан өткен кезде де осы ОЗП тестін тапсырады. Ал қалған мұғалімдер, басқа санаттарға аттестациядан өту барысында, педагог біліктілігі тестін тапсырмайды. Яғни бұл тесттің жалпы аттестацияға қатысы болмайды, - деді министр.

Бұған дейін тест тапсырып үлгерген мұғалімдердің жағдайына да нақты жауап берілді.

- Жалпы бұған дейін тапсырған 51 мың адам бар. 51 мың педагог өзінің шекті балын жинаған екен. Ол педагогтер өзінің шекті балын жинап, бүкіл портфолиосын жинақтап, өзі кәдімгідей тапсыратын кезеңімен, яғни өзінің бүгінгі таңда көрсетіліп тұрған аттестациядағы кезеңдерді тапсырады. Қыркүйектен бастап өткендері өздерінің қосымша үстемеақыларын алатын болады, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Аттестация жүйесіндегі тағы бір маңызды өзгеріс — портфолио жинақтау үдерісінің толықтай электронды форматқа көшуі. Енді мұғалімдер қағаз құжаттарды жинап, қол қойдыру сияқты рәсімдерден босатылады. 

- Енді бұл үдеріс толықтай электронды форматта жүзеге асырылады. Мұғалімдер қағаз құжат жинап, әр жерден қол қойдырумен айналыспайды. Қазіргі таңда арнайы ұстаз платформасы осы бағытта жетілдіріліп жатыр. Барлығы цифрлық форматта болады. Бұл туралы қосымша ақпарат беріледі, - деді ол.

Сондай-ақ, педагогтер арасында кеңінен қолданылып келген авторлық бағдарламаларға қатысты талаптар да қайта қаралды. 

-Тағы бір өзгеріс — авторлық бағдарламаларға қатысты. Біз бұл мәселені сіздермен ұзақ талқыладық. Енді авторлық бағдарламалар тоқтатылады. Яғни оларды әзірлеу және ұсыну қажет болмайды, — деді Жұлдыз Досбергенқызы.

 

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар