сейсенбі, 23 желтоқсан, 2025 17:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Маңғыстау шетелдік туристерді қабылдау бойынша 3-орында

Маңғыстау шетелдік туристерді қабылдау бойынша 3-орында
Ortcom.kz
Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді

Маңғыстау өңіріне келетін туристердің саны артып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, 2025 жылдың 9 айында 350 мыңнан астам турист келіп, 17,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Шетелдік туристерді қабылдау бойынша Маңғыстау облысы 3-орында. 

«Туризм инфрақұрылымын кезең-кезеңімен дамыту бойынша нақты жоспар бар. Соның бірі Бозжыра бағытын дамыту. Осы орайда биыл 13,2 шақырымды құрайтын жол құрылысы басталды, 2026 жылы электр жүйесі тартылады. Бозжыра шатқалында сапар орталығының құрылысы аяқталып, алдағы туристік маусымда іске қосылады», - деді өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Оның айтуынша, өңірде термалды бассейндері бар 150 орынға арналған санаторий-курорттық кешені салынып жатыр. Оның құрылысы 2027 жылдың 2 тоқсанында аяқталады. Сонымен қатар, 480 орынға арналған санаторий-курорттық кешенінің құрылысы қайта басталды. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген. Биыл заманауи лагерь және демалыс кешені пайдалануға берілді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар