Елімізде
Мемлекет басшысы Нұрлыбек Нәлібаевты жаңа қызметке тағайындады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:18
- 103
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.





