«Мысықтан ұят болды». Бишімбаевтың сотын үй жануарлары да көріп жүр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 сәуір, 2024
- 689
Соңғы кездері әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевтың созбалаңға салынған соты қызу талқыланып жатыр. Сот залында айтылған әртүрлі ақпарат күн сайын ел назарын аударатын жаңа сипатта жарық көреді. Ал, әлеуметтік желі қолданушысы akbotaabivna жеке парақшасында қызықты материал жариялады. Онда мысық Бишімбаевтың сотын байыпты қалыпта көріп отырғанын байқауға болады. Бұл бейнежазбаға желі қолданушылары таңырқай қарап, түрлі пікірлер жазды.
Бұл видеоның астында «Мұқият тыңдағанына қарағанда, басқа өмірінде адвокат болған-ау», «Бишімбаевтың өтірігіне таң қалып тұр ғой», «Ашумен сөйлеп кетпесе болар еді», «Бишімбаев мысықтың тілін шығарады», «Мысықтан ұят болды», деген пікірлер көп.
Айта кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотталып жатқан Қуандық Бишімбаевтың соты Жоғарғы соттың тікелей эфирінде көрсетіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 15:05